11.04.2011, 11:40 4399

Алматыда гольф-клубынан граната табылды

Алматының Бағанашыл аулында гольф-клубынан граната табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматының Бағанашыл аулында гольф-клубынан граната табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан "Ариал" гольф-клубынан жексенбі күні сағат 11:00-де тұтатқышы жоқ Ф-1 гранатасы табылған.

Жарылғыш зат табылған жерге шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 12 қызметкері мен 5 техникасы келген.

Мекеменің айтуынша, арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында оқу-жаттығу гранатасы сараптама жасауға алынған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 5-сәуір күні Теміртауда "ЦентралАзияЦемент" кәсіпорынында мина табылған болатын.

Photo: newskaz.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны