03.04.2008, 14:12 2755

Алматыда Грузияның есірткі саудагері құрықталды

Алматыда Грузияның есірткі саудагері құрықталды

Алматы. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Грузияның ірі есірткі саудагері құрықталды, деп хабарлайды агенттік Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Алматыда заңсыз тұрып жатқан Грузияның азаматы көптен бері полиция қызметкерлерінің бақылауында болды. Полиция қызметкерлері есірткі саудагерінің не істеп, кімдермен араласатынын әбден зерттеді.

"Ол өзін заңсыз әрекеттермен айналысып жүрген адам ретінде ұстады. Тұрғын мекенін жиі ауыстырып отырды. Көршілермен араласпады. Тауарды кез-келген көлемде сатып жүрді. Сатылатын өнім тек героин болды ", - деді Алматы қалалық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Күдікті 100 грам героинді сатқан кезінде құрықталды. "Есірткі саудагері операцияда полицияның қатысуын сезбеген. Белгіленген уақытта саудагер тұтынушыға уағдаласқан ақшаға өнімді жеткізді. Бұл дерек процессуалды түрде тіркелді. Күдікті өзінің күнәсін мойындады ", - деп атап өтті Е. Кебекбаев.

Қолға түскен адамның бұрын Ресей Федерациясы аумағында біреудің мүлкін тонаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болғаны анықталды.

Е. Кебекбаевтың айтуынша, бұл оқиғаға қатысты Жетысу АІІД ҚР Қылмыстық кодекстік 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құрықталған адам қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны