06.02.2012, 13:18 4070

Алматыда ірі көлемде есірткі заты тәркіленді

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің есірткімен күрес жөніндегі басқармасының хабарлауынша, Алматы қаласының тәртіп сақшылары аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі. 12 келіден астам героин 32 жастағы Алматы қаласының тұрғынын тінту барысында табылды. Қолға түскен азамат тауарын өз пәтерінде сақтап, есірткіге еліткен нашақорларға сатып келген.

Алматы. 6-ақпан. Kazakhstan Today Алматыда ірі көлемде есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің есірткімен күрес жөніндегі басқармасының хабарлауынша, Алматы қаласының тәртіп сақшылары аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі. 12 келіден астам героин 32 жастағы Алматы қаласының тұрғынын тінту барысында табылды. Қолға түскен азамат тауарын өз пәтерінде сақтап, есірткіге еліткен нашақорларға сатып келген.

Есірткімен ұсталған азамат тәртіп сақшыларының құрығына түскен кезде есірткіні көшеден тауып алғандығын айтып, ақталған. Алайда полицейлер күдіктінің үйінде тағы тексеру жұмыстарын жүргізіп, жуынатын бөлмеден аса мұқият жасырылған жол сөмкесін тауып алған. Ал, оның іші полиэтилен пакетке оралған героинмен нығыздалған екен. Анықталғандай, есірткімен ұсталған азамат олжасын өзі пайдаланып, сатуға шығаруүшін сақтап келген. Тәркіленген заңсыз тауардың қара базардағы құны 6 млн теңге көлемінде.

Полицейлер тергеу барысында қолға түскен күдіктінің есірткі тұрақты түрде қабылдайтыны және наша саудасымен 4-5 ай көлемінен бері айналысатынын анықтаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қазір құрықталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.Ол есірткіні қайдан алғаны, кімдерге сатқаны тергеу барысында анықталатын болады",- деп мәлім етті Алматы қаласы ішкі істер департаментінің есірткімен күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Ермұрат Ізғұттынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны