14.01.2010, 09:51 1624

Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында бір тәулікте екі рет өрт шықты

Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында бір тәулікте екі рет өрт шықты

Астана. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында бір тәулікте екі рет өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, "Бостандық ауданында Республика алаңында 4-үйде орналасқан әкімдік ғимаратында 13 қаңтарда сағат 10.32-де техникалық қабатта №1 вентиляциялық камерада 10 шаршы метр аумақта жылылағыш өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, 60 адам эвакуацияланды".

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 17 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 41 адамының күшімен 11 сағат 41 минутта сөндірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында кеше өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданында Республика алаңында орналасқан әкімдік ғимаратында 14 қаңтарда сағат 01.14-те алтыншы қабатта баспасөз қызметінің кабинетінде 30 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 11 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 38 адамының күшімен 02 сағат 33 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны