13.01.2010, 09:35 1705

Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда қалалық әкімдіктің ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданында Республика алаңында орналасқан әкімдік ғимаратында бүгін сағат 01.14-те алтыншы қабатта баспасөз қызметінің кабинетінде 30 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 11 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 38 адамының күшімен 02 сағат 33 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны