14.02.2012, 10:49 4025

Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясында өрт шықты

13 ақпан күні, сағат 23.32 Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті кәмелетке толмағандарға арналған ЛА-155/13 РММ-нің әйелдер колониясында өрт шыққан.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 ақпан күні, сағат 23.32 Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті кәмелетке толмағандарға арналған ЛА-155/13 РММ-нің әйелдер колониясында өрт шыққан.

Өрт екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы қоймадан шығып, дәлізге көшкен. Жалын 14 ақпан күні, сағат 2.12 сөндірілді.

100 бала қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны