25.05.2009, 16:37 2846

Алматыда қатты нөсер салдарынан 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды - ТЖД

Алматыда қатты нөсер салдарынан 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды - ТЖД

Алматы. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қатты нөсер салдарынан 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылдың 21 мамырында жауған қатты нөсер салдарынан Алматының Алатау ауданы "Ақбұлақ", "Дархан", "Шаңырақ-1" және "Шаңырақ-2" ықшамаудандарында жер телімдерін су алды. Нөсер суы "Шаңырақ-2" ықшамауданында көлемі 1 млн текше метр болатын көлді толтырып жіберу салдарынан бөгет бұзылған. Соның кесірінен 40 қора-жай қирап, 150 үй су ішінде қалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны