18.07.2016, 19:15 7737

Алматыда қаза тапқан полицейлердіӊ есімдері белгілі болды

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі қаладағы атыс кезінде қаза болған полицейлер жайлы деректерді жариялады

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі қаладағы атыс кезінде қаза болған полицейлер жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полиция капитаны Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, ІІД ИПБ жанындағы ЖППҚҚ қызметініӊ аға инспекторы, 28.03.1988 ж. 22.12.2011 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы - үйленген, бір қызы бар.

Полицияныӊ кіші сержанты Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, ІІД ЖПҚ жанындағы ЖПП полкініӊ полицейі, 02.11.1991 ж. 15.11.2013 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы - үйленген, бір қызы бар.

Полиция старшинасы Ғалиев Аян Ерболғанұлы, Алматы қаласы МҚҚБ ММ 2-полиция батальоныныӊ полицейі, 18.04.1974 ж. 30.01.1997 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы - үйленген, екі қызы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны