26.04.2007, 15:28 3309

Алматыда Қазақстанға кокаин мен синтетикалық есірткі контрабандасын тасымалдайтын екі халықаралық арна жойылды

АЛМАТЫ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда Қазақстанға кокаин мен синтетикалық есірткі контрабандасын тасымалдайтын екі халықаралық арна жойылды, соңғы 10 жылдағы ең ірі партия болып табылатын салмағы 555 граммнан астам кокаин мен "экстази" психотроптық затының 150 таблеткасы тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, есірткілер республикаға Ресей Федерациясының аумағы арқылы Германия, Польша және Литвадан тасымалданғанды белгілі болды, және де аталмыш қылмысқа қатысушылардың барлығы да құрықталған. "Олар - Қазақстанның төрт азаматы, Өзбекстанның бір азаматы және Украинаның бір азаматы",- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Арнаулы қызметтен, бірінші күдікті Қазақстанның азаматы Алматыда ақпанның аяғында қылмыс үстінде қолға түскен болатын. "Кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Алматы - Астана тасжолының 15-ші шақырымында Ресейден Алматыға жеңіл көлікпен 500 грамм героин алып келе жатқан қылмыстың негізгі ұйымдастырушылары Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарын ұстаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Жедел-іздестіру шараларын одан әрі жүргізу барысында қылмыстық топтың тағы бір мүшесі - "элита" есірткісін сатумен айналысқан Алматының қаласының тұрғыны құрықталды. "Тінту барысында әйелден кокаин мен "экстази" психотроптық затының ірі партиясы табылған",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Осы уақытта жедел қызметкерлер аталмыш қылмыстық топтың тағы екі мүшесін ұстаған, олардың біреуі Беларусияда жасаған қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген. "Тергеу іздеуде жүрген Қазақстан азаматының кокаин контрабандасының арнасын ұйымдастырғандығын анықтады. Ол есірткі заттарын Қазақстанға Литвиядан темір жол арқылы жеткізілетін көліктердегі жасырын жерге тығу арқылы әкеліп отырған",- деп түсіндірді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Ұсталғандардың барлығы ҰҚКД уақытша тергеу изоляторына қамалып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз дайындау, тасымалдау, сақтау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны