27.01.2010, 13:22 4289

Алматыда қымбат көлікті иемденуге әрекеттенген қарақшылық шабуыл жасаушылардың бірі құрықталды

Алматыда қымбат көлікті иемденуге әрекеттенген қарақшылық шабуыл жасаушылардың бірі құрықталды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда қымбат көлікті иемденуге әрекеттенген қарақшылық шабуыл жасаушылардың бірі құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, "20 қаңтарда Алматыда "Тойота Ланд Крузер" автомашинасының екі жолаушысы оның жүргізушісін буындырып, пышақ жарақатын салып, Алматы қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі осы көлік құралын иемденуге әрекеттенген".

"Жәбірленуші қарсылық көрсете отырып, автомашинадан қашып шығып, көмекке шақырған. "Боран" автопатрулінің қызметкерлері "ізін суытпай" шабуыл жасағандардың біреуін ұстады. Ұсталған адамның Алматы облысының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды, қазіргі уақытта оның әлі ашылмаған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде",- деді ол.

Қылмыскердің сыбайласын ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

"Сондай-ақ қылмыскерлердің газеттен автомашинаны сату туралы хабарландыруды оқып, жәбірленушіні таңдағаны анықталып отыр",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны