30.09.2009, 12:35 3488

Алматыда Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы екі жерлесі ұсталды

Алматыда Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы екі жерлесі ұсталды

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы екі жерлесі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-дегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Қытайдан келген кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен екі оралман ұсталған, олар қылмыс кезінде жандарында үшінші сыбайласы болғанын жеткізген.

Қытайлық 43 жастағы кәсіпкердің мәйіті ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде кешкі сағат 9 жарымда Алматының Түріксіб ауданындағы Луговский көшесіндегі №23 үйдің жанынан табылған болатын. Сот- медициналық сараптамаға сәйкес, оның өліміне басынан алған ми жарақаты себеп болған. Сондай-ақ, қаза тапқан адамның денесінен қанталаған дақтар табылған. Алматы қалалық ІІД басшылығы бұл қылмысты айрықша бақылауға алған болатын.

Ұсталғандардың айтуынша, қаза тапқан оларға жұмыс беруші әрі бұрынғы жерлесі болған. Оралмандар Алматыға Қытайдан келген және ҚХР азаматының фирмасына жүк тасушы болып жұмысқа орналасқан. "Фирма қожайыны апта сайын Қытайға саудадан түскен $10 - 15 мың көлеміндегі ақшаны жіберіп отыратынын білген әлгілер оны өлтіріп, ақшасын иемденіп алмақ болған", - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Оның айтуынша, қазір Алматы полициясы қылмысқа қатысушы үшінші адамды іздестіріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны