Система Orphus

Алматыда қоқыс салынатын бактен сәбидің денесі табылды

02.05.2013, 16:55 4281

Алматы. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда қоқыс салынатын бактен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, оның денесі қатты қалдықтардың бетінде жатқан.

Денесіне ешқандай зақым келтірілмеген сияқты, әзірге ұлты айқындалған жоқ.

Сәбидің денесі мәйітханаға жөнелтілді, сот-медициналық сараптама белгіленді.

Полиция қызметкерлері жақын тұрған үйлердің тұрғындарынан, қазақстандық-ресейлік университеттің, қалалық адам репродукциясы орталығының күзетшілерінен мән-жайды сұрастырып көрді.

Шұғыл- іздеу шаралары жалғасуда, делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны