20.03.2012, 12:15 3209

Алматыда көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

"Дүйсенбі күні "белгісіз біреу көлігімен Төле би мен Сайын көшелерінің қиылысында жолдың шетінде тұрған зейнеткерді қағып, қашып кеткен".

Алматы. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "дүйсенбі күні "белгісіз біреу көлігімен Төле би мен Сайын көшелерінің қиылысында жолдың шетінде тұрған зейнеткерді қағып, қашып кеткен".

60 жастағы әйел оқиға болған жерде жан тапсырды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол "Инфинити" көлігінің иесі, Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу изоляторына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны