22.10.2010, 15:48 3382

Алматыда көлік апатының салдарынан екі адам қаза тапты

Алматыда көлік апатының салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Алматы қаласының құтқару қызметі" мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 22 - қазан. Kazakhstan Today - Алматыда көлік апатының салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Алматы қаласының құтқару қызметі" мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін түнде кезекші бөлімге Фурманов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында "Фольксваген" және "Лексус 470" көліктерінің соғылып қалғандығы туралы хабар келіп түскен. Лексустың жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Көлік апатының салдарынан Фольксваген көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны