25.03.2011, 17:37 4044

Алматыда көлік жуу және ТҚК орындарында көлікті айдап әкету оқиғалары тіркелуде

Алматыда көлік жуу және ТҚК орындарында көлікті айдап әкету оқиғалары тіркелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда көлік жуу және ТҚК орындарында көлікті айдап әкету оқиғалары тіркелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда өткен аптада ТЖО және көлік жуу қызметкерлері көлік ұрлау әрекеті кезінде қолға түскен. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті хабарлады.

Бүгінде техникалық қызмет көрсету мен көлік жуу орындарында көлік ұрлау әрекеттері жиі орын алып отыр. Көптеген жүргізушілер өздері сеніп тастап кеткен орындарынан өз көліктерінен айырылып жатыр, дейді тәртіп сақшылары. Солардың бірі "Самал" шағынауданындағы көлік жуу орнына "Лексус" автокөлігін тастап кеткен 29 жасар азамат.

"Автокөлік иесінің арызы бойынша "Құрықтау" жоспары қолға алынды. Жол полициясы басқармасы іздестіру жұмыстары кезінде тұрғын үйлердің бірінен іздеу салынған автокөлікті байқаған. Рөлде отырған ер адам көлікті тастай сала, қашуға әрекеттенген. Бірақ, ол ойы іске аспай, сол жерде ұсталды. Көлік ұрлаушымыз сол көлік жуу орнының қызметкері болып шықты. Бұдан бұрын да ол ұрлығы үшін сотталған екен. Медеу аудандық ішкі істер басқармасында осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды" - дейді ІІД Жол полииция басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Түсіпов.

Осы сияқты тағы екі іс анықталған. Қалалық автотұрақтардың бірінде 44 жасар күзетші әйел тұрақты клиенттерінің бірінің "Дэу Нексиа" көлігін айдап көргені үшін ұсталды. Сондай-ақ, 30 жасар ТЖО орнында сырлаушы болып жұмыс істейтін баукеспе ұрының бірі, клиентінің "БМВ" көлігін мініп, түні бойы қаланы шарлаған. Ол жол сақшыларына қаладан шыға бергенде ұсталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны