27.06.2008, 10:03 1288

Алматыда көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Алматыда көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданындағы "Керемет" тұрғын үй кешенінде 27 маусымда 05 сағат 30 минутта көп қабатты тұрғын үйде 7 қабаттағы пәтерде 80 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Соның салдарынан 50 жастағы әйел қаза тауып, 4 -дәрежелі күйікпен 18 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. 20 адам сыртқа шығарылды. Өрт 06 сағат 27 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен 11 техникасының көмегімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны