11.04.2011, 11:29 3363

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт үш адамның өмірін қиып кетті

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт үш адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт үш адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының "Ақсай-3" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққан. Өртті сөндіру кезінде 2 және 4 жастағы сәбилер мен олардың анасының денелері табылған.

Өрт Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйде шыққан. Өрт шыққандығы туралы хабар 8 сәуір күні сағат 11 түскен. Тілсіз жау жарты сағаттан кейін ауыздықталған. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 11 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны