11.05.2016, 13:33 7355

Алматыда "Коровабар" дәмханасынан шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Тілсіз жау қоғам арасында резонанс тудырды, 40-тан аса пәтерге зиян келді. Сол себепті бұл істі қалалық полиция тергеп жатыр", - деп нақтылады Алматы ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Изірбек.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы полициясы "Коровабар" дәмханасынан шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған дерек ҚР ҚК 292-бабы бойынша (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестріне тіркелді. Қазір Алматы ІІД Анықтау басқармасы өндірісті жүзеге асырып жатыр. Тергеу аясында өрттіӊ себептері мен басқа да мән-жайды анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды", - делінген ІІД таратқан хабарламада, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"Тілсіз жау қоғам арасында резонанс тудырды, 40-тан аса пәтерге зиян келді. Сол себепті бұл істі қалалық полиция тергеп жатыр", - деп нақтылады Алматы ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Изірбек.

Естеріӊізге салып өтсек, кеше таӊғы сағат 04:37-де 101 нөміріне "Юбилейный" супермаркетініӊ жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Белгілі болғандай, "Коровабар" дәмханасынан басталған өрт тұрғын үйге ұласып, 46 пәтерге зиян келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны