23.09.2009, 10:04 1343

Алматыда құрылыс алаңында бір жұмысшы тоққа соғылып мерт болды

Алматыда құрылыс алаңында бір жұмысшы тоққа соғылып мерт болды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда құрылыс алаңында бір жұмысшы тоққа соғылып мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иуезов ауданының "Жетісу-3" ықшамауданында салынып жатқан 10 қабатты тұрғын үйде 22 қыркүйекте сағат 14.15-те құрылыс жұмыстары кезінде "Профтеплохолод" ЖШС-нің 21 жастағы жұмысшысы тоққа соғылып, қаза тапты.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, сол күні тағы бір оқыс оқиға Ақмола облысының Степногорск қаласында болды. Ақсу кентіндегі "ГМК "Қазақалтын" кен орнында сағат 06.00-де жару жұмыстары кезінде тау жынысы опырылды. Соның салдарынан кен қазушы 53 жастағы ер адам алған жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатындағы апат жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны