07.05.2007, 18:17 2930

Алматыда құрылыс алаңында екі адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда бүгін құрылыс алаңында екі адам қаза тапты, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз хатшысы Анастасия Малишич.

Төтенше оқиға таңертең "Рапсодия" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. "Геодезиялық жұмыстар атқару кезінде салынып жатқан ғимараттар арасындағы ойыққа 1950 және 1962 жылы туған екі құрылысшы құлап кеткен. Екі еркек те көптеген жарақаттар салдарынан дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды",- деп хабарлады А. Малишич.

Қазіргі уақытта оқиғаны тергеумен Медеу АІІБ қызметкерлері айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны