04.03.2013, 15:46 3661

Алматыда құрылыс базарында химикат жарылды

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына контейнерлердің біріндегі істен шыққан жылыту пеші себеп боп отыр. Химикаттар жарылып, тілсіз жау көршілес тұрған контейнерлерге де өткен.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Өткен демалыста Алматыда құрылыс базарында өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тұрмыстық химия және автобояу бар, жалпы көлемі жүз шаршы метрден асатын 8 контейнердің түгі қалмай жанып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына контейнерлердің біріндегі істен шыққан жылыту пеші себеп боп отыр. Химикаттар жарылып, тілсіз жау көршілес тұрған контейнерлерге де өткен.

Бірден 10 бригада өртпен күресуге тырысты. Өрт 2 сағаттан кейін сөндірілді.

Полицейлер дер кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіргендіктен, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны