04.06.2009, 09:52 1092

Алматыда күшті жел Искери институт жатақханасының шатырын жұлып әкетті

Алматыда күшті жел Искери институт жатақханасының шатырын жұлып әкетті

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда күшті жел Искери институт жатақханасының шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жароков көшесінде орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің Искери институтында 3 маусымда сағат 16.45-те оңтүстік-батыстан соққан екпінді жел курсанттар тұратын үш қабатты жатақхананың 550 шаршы метрлік металл шатырын жұлып әкетті.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды жоюға Алматы эксплуатациялық институтының бөлімшесінің 10 адамы тартылды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны