09.12.2015, 18:40 5937

Алматыда құтқарушылар арнаға құлаған оқушыны шығарды

Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ жедел кезекшілігіне 2015 жылғы 4 желтоқсанда сағат 19.55-те трасса бойындағы арнаға оқушыныӊ құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ жедел кезекшілігіне 2015 жылғы 4 желтоқсанда сағат 19.55-те трасса бойындағы арнаға оқушыныӊ құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Түнгі уақыт кезінде байқаусызда құлап кеткен. Сол мезгілде арна ішінде судыӊ болмауынын және қабырға биіктігі 2 метр болғандықтан бала қатты жарақат алып, жағдай ушыға түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ жедел құтқару тобы оқиға болған орынға келгенде арнаныӊ ішінде жатқан баланы анықтайды. РЖҚЖ дәрігерініӊ бірінші медициналық көмегі көрсетілгеннен кейін құтқарушылар баланы арна ішінен алып , жедел медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Республикалық жедел құтқару жасағы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны