25.03.2007, 09:41 2639

Алматыда құтқарушылар лай көшкін салдарынан қаза тапқан әйелдің мәйітін үйінді астынан шығарып алды

АСТАНА. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда құтқарушылар лай көшкін салдарынан қаза тапқан әйелдің мәйітін үйінді астынан шығарып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде 80 жастағы әйелдің мәйіті үйінді астынан шығарып алынды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құтқару іздестіру жұмыстарына республикалық шұғыл-құтқару отряды, Алматы қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері, қалалық төтенше жағдайлар департаменті, тәртіп сақшылары мен №28237 әскери бөлімшенің жауынгерлері тартылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жұмадан сенбіге қараған түні Алматыдағы Каменка үстіртіндегі екі қабатты жер үйге 10-15 мың текше метр көлемінде лай көшкін түсті. 80 жастағы кейуана үйінді астында қалды. Төтенше оқиға орнынан 50 адам көшірілді.

Мекеме баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен 30 адам, соның ішінде 11 бала №47 мектептің ғимаратында орналастырылды. "Көшірілгендер ыстық тамақпен және жатын құралдарымен қамтамасыз етілді",- деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

"Қазақселденқорғау" және "Алматыгидрогеология" мамандары көшкін түскен бөктерді жан-жақты тексеріп шықты. "Тексеру барысында лай көшкіннің түсуіне құбырдан аққан су топырақ қабатын әсіре ылғалдандыруға және бөктердің бір бөлігінің жылжып кетуіне себеп болғаны анықталды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Қазір таяу жатқан үйлерге қатер төніп тұрған жоқ",- дейді министрліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны