17.06.2013, 10:37 2906

Алматыда "Магнум" сауда кешенінің аумағында ер адам қарудан жарақаттанды

Оқиға орнына жеткен Жетісу ІІБ қызметкерлері еуропалық нәсілді ер адамның оқ атқанын анықтады.

Алматы. 17-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда "Магнум" сауда кешенінің аумағында ер адам қарудан жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен Жетісу ІІБ қызметкерлері еуропалық нәсілді ер адамның оқ атқанын анықтады.

Жапа шегушінің айтуынша, сауда кешеніне кіреберісте ол достарымен бірге үш жігітпен байқаусызда соқтығысып қалған. Кейін "Магнумнан" шыққан кезде аталмыш әлгі үшеуі оларды қуып жетіп, бірі оқ бората бастаған. Жапа шегуші бұл жігіттерді бұған дейін көрмеген.

Алматылық көпсалалы аурухананың анықтамасы бойынша ер адам ішінен жарақаттанған.

Оқиға орнын тінту барысында гильза және арақтың бос шөлмегі табылды. Бұған қоса "Магнум" СК бейне бақылау камерасы да алынды.

ҚР ҚК 257 бабының 3 б. (Қаруды қолдана отырып қарақшылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны