27.12.2011, 13:01 3762

Алматыда мина қойылды деп жалған ақпараттар берген екі бұзақы ұсталды

Алматыда 2 телефон "лаңкесі" қолға түсті, деп хабарлаған қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен

Алматы. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда мина қойылды деп жалған ақпараттар берген екі бұзақы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда 2 телефон "лаңкесі" қолға түсті, деп хабарлаған қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

"Бірінші болып Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылының 23 жасар тұрғыны қалжыңдамақ болған. Ол ішімдікке масайып алып, Алматы-Защита бағытындағы жолаушы пойызына мина қойылғандығы жөнінде хабарлаған. Хабарланған ақпарат шынайы көрінді, себебі дәл осы сәтте "Алматы-1" теміржол бекетінде Алматы-Защита бағытында жылжыған №351-ші жолаушы пойызы тұрған болатын", - деп хабарлады қалалық полициядан.

Қалалық шұғыл әрекет ету қызметтері жарылғыш затты іздестіру шарасын ұйымдастырды. Пойыз ішінде жолаушылар болған жоқ, оның 30 жолсерігі қауіпсіз жерге көшірілді. 15 вагонды пойызды комиссиялық тексеру жұмысы 10:30-да басталып, 13:00-ге дейін жалғасты. Ақпарат шындыққа жанаспады. Полиция қоңырау шалған адамды іздестіру жолында вокзалға жақын орналасқан қонақ үйден удай мас жас жігітті тұтқындады. Ол жасырын хабарлама жасағанын мойындады. Мұндай хабарлама жасау себебін біраз уақыт өтіп, есін жиған соң айтып берді.

Келесі жағдайда Жамбыл облысы Шу қаласының 31 жасар тұрғыны үш сағат ішінде екі бірдей нысанға: Сейфуллин даңғылы мен Шолохов көшесінің қиылысында тұрған "ИЖ" маркалы автомашинаға және одан үш квартал жоғары орналасқан "Маяк" дәмханасына - мина қойылғандығы жөнінде хабарлама жасаған.

Жасырын азамат хабарлаған қиылыста "ИЖ" маркалы автокөлік болмады. Ал "Маяк" кафесінен комиссиялық тексеру кезінде оның қонақтары мен қызмет көрсетушілері қауіпсіз жерге шығарылды. Нысанды мұқият тексергеннен кейін бұл хабарламаның да жалған екені анықталды. Күдікті жарты сағаттан кейін ұсталды. Одан "112" пультіне жасырын хабарлама жасаған ұялы телефоны тәркіленді.

Ұсталған азамат бұған дейін мүліктік және ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Полиция "телефон бұзақыларын" қатаң жазалайтындарын тағы бір мәрте ескертеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны