03.02.2011, 15:52 4388

Алматыда ОҚО келген тағы бір қылмыстық топ қолға түсті

Алматыда көшеде кетіп бара жатқан азаматтарды қарумен қорқытып, тонау ісімен айналысып жүрген оңтүстік қазақстандық тонаушылар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда көшеде кетіп бара жатқан азаматтарды қарумен қорқытып, тонау ісімен айналысып жүрген оңтүстік қазақстандық тонаушылар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті бұзып, қала тұрғындарының өміріне қауіп төндірген 20 жасар заң бұзушылардың екеуі де ОҚО-ның тұрғындары екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері заң бұзушылардың заңсыз әрекеттерін дәлелдейтін тек бір айғақ тапты.

Былтырғы жылдың тамыз айында тонаушылар бір ер адамға тонау мақсатында шабуыл жасаған. Азаматты тапаншамен қорқыта отырып, қаланың көшесінде тұрып-ақ өрескелдік жасауға әуестенген қылмыскерлер аталған тұлғаның телефоны мен 130 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып кеткен.

Қазіргі таңда заң бұзушылардың дәл осы сынды басқа да әшкереленбеген қылмыстарға қатысы анықталып жатыр деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны