22.02.2010, 13:09 1300

Алматыда оқу орталығының құрылысында құрылысшы мерт болды

Алматыда оқу орталығының құрылысында құрылысшы мерт болды

Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда өткен сенбіде Д.Қонаев атындағы кешенді оқу орталығының құрылысында тоқсатының шахтасына құлап, құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Біртұтас кезекші-диспетчерлік қызметтің "112" мамандарына сілтеме жасап.

Шұғыл кезекшілердің хабарлауынша, "оқыс оқиға туралы хабар жұмыс күні аяқталып қалған кезде, сағат 16.45-те Құрманғазы көшесі, 107-үй, Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы Д.Қонаев атындағы кешенді оқу орталығының құрылысы нысанынан келген. Телефон соққандар "МПК Достар" ЖШС-нің 26 жастағы монтаждаушысы 8 қабаттан тоқсатының шахтасына құлады деп хабарлаған.

Шұғыл кезекшілердің хабарлағанындай, оқиға орнынан жедел жәрдем тобы мен құтқарушылар жіберілген. Алайда жұмысшы дәрігерлер келмей тұрып көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны