04.05.2016, 19:38 7147

Алматыда өлі күйінде табылған студенттіӊ денесінен азаптау белгілері анықталмаған

Алматыда ұшты-күйлі жоғалған студент ақыры Есентай өзенініӊ бойынан өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, тасқын су марқұмныӊ денесін өзенніӊ төменгі сағасына дейін ағызып әкеткен

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда ұшты-күйлі жоғалған студент ақыры Есентай өзенініӊ бойынан өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, тасқын су марқұмныӊ денесін өзенніӊ төменгі сағасына дейін ағызып әкеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сәтбаев көшесі маӊынан жоғалған Санжарбек Арзиевтіӊ денесі бесінші күн дегенде Есентай өзенініӊ Рысқұлов даӊғылымен қиылысқан тұсынан табылды. Студент көзден ғайып болған күні Алматыда үздіксіз жауын жауған еді. Салдарынан өзен ағысы күшейіп, мәйіттіӊ мұнша алысқа кету себебі де содан делінуде. Іздеу шараларын жеӊілдету үшін құтқарушылар өзен ағысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Марқұмныӊ бет әлпеті қатты бұзылмаған дейді полицейлер. Сондықтан, қандай да бір зорлық-зомбылық жасады деуге келмейді. Дегенмен, оқиғаныӊ мән-жайы енді сот сараптамасынан кейін анықталмақ, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны