14.02.2011, 16:15 4512

Алматыда он төрт жасар қыз жоғалып кетті

Алматыда 7-ақпан күні мектепке кеткен он төрт жасар Олеся Конрад үйіне қайтып оралмаған. Баланың анасы полиция мен журналистерге көмек сұрап хабарласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда 7-ақпан күні мектепке кеткен он төрт жасар Олеся Конрад үйіне қайтып оралмаған. Баланың анасы полиция мен журналистерге көмек сұрап хабарласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Анасының айтуынша, "қызды соңғы рет сыныптастары мектепте көрген. Олеся дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқиды. Оның соңғы сабағы 16.10 аяқталған. Жоғалған бала әдетте үйіне автобуспен бір сағат жүріп келетін".

"Олеся қара күртеше, қара тымақ және сұр етік киген",- деп хабарлады баланың анасы.

Егер Сіз қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 727 258 36 96, 8 701 243 77 42, 8 701 755 07 87.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны