07.07.2011, 17:56 3805

Алматыда өндірістік қоймада ірі өрт сөндірілді

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 17 техникасы мен жеке құрамның 59 адамы жұмылдырылды.

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда өндірістік қоймада ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Министрлік мәліметтеріне сүйенсек, 7 шілде күні 01 сағат 15 минутта Алматы қаласы Алмалы ауданындағы "Кулиш" ЖК мен "Шатаева" ЖК-нің өндірістік қоймаларында ірі өрт орын алды. Өрт аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 17 техникасы мен жеке құрамның 59 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны