12.04.2013, 17:31 3414

Алматыда өрт салдарынан 63 жастағы әйелдің беті күйіп қалды

Алматы қаласының ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 13:17-де бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің басқару пультіне Түрксіб ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалған адам Осипенко көшесіндегі жеке тұрғын үй жанып жатқанын айтты. Өрт салдарынан 63 жастағы әйел зардап шекті. Оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер беттің 1 және 2 дәрежелі күйік шалуын белгіледі.

Алматы. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда өрт салдарынан 63 жастағы әйелдің беті күйіп қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 13:17-де бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің басқару пультіне Түрксіб ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалған адам Осипенко көшесіндегі жеке тұрғын үй жанып жатқанын айтты. Өрт салдарынан 63 жастағы әйел зардап шекті. Оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер беттің 1 және 2 дәрежелі күйік шалуын белгіледі.

"Сағат 13:25-те өрт орнына бірінші өрт сөндіру бөлімшесі жетті. Сағат 14:10-да өрт ауыздықталды. 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 7 газ баллоны шығарылды. Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам мен 6 дана негізгі техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себептері мен шығын көлемін тергеушілер анықтауда", - деді баспасөз қызметінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны