12.09.2008, 10:16 1448

Алматыда орта мектептің алты оқушысы желімнен уланды

Алматыда орта мектептің алты оқушысы желімнен уланды

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда орта мектептің алты оқушысы желімнен уланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматының Жетісу ауданы Заря-Восток ауылында 11 қыркүйекте №151 орта мектепте оқитын 11 мен 13 жас аралығындағы 6 бала желімнен уланды.

Дәрігердің көмегінен кейін барлық бала қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны