10.12.2007, 09:32 1583

Алматыда өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, 10 адам жараланды

Алматыда өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, 10 адам жараланды

Алматы. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өткен тәулікте жол апатынан екі адам қаза тауып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды агенттік "Құтқару қызметіне" сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 желтоқсанда 01 сағат 17 минутта Бостандық ауданында "БМВ" және "Фольксваген" автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. "БМВ" жүргізушісі ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды.

Сонымен бірге, 9 желтоқсанда Алматының Жетісу ауданында "Ауди" көлігінің жүргізушісі көлігін тосқауылға соқты. Апат салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушы, соның ішінде бір жас бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, 9 желтоқсанда Түркісіб ауданында 19 сағат 50 минутта "Ниссан" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 18 жасар қыз жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болды.

9 желтоқсанда Алматының Иуезов ауданында екі көліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам жарақаттанып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны