01.02.2013, 11:59 4286

Алматыда өзінің кабинетінде Шекара қызметі академиясы бастығының мүрдесі табылды

"2013 жылдың 31-ші қаңтары күні сағат 20.00-де Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде оқ тиген жарақат ізі бар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің өлі денесі табылды", - делінген хабарламада.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Есетовтің оқ тиген жарақат ізі бар өлі денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз-қызметінен хабарлады. Алдын ала болжам бойынша Т.Есетов өзіне-өзі қол жұмсаған.

"2013 жылдың 31-ші қаңтары күні сағат 20.00-де Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде оқ тиген жарақат ізі бар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің өлі денесі табылды", - делінген хабарламада.

Тергеудің алдын ала болжамына сәйкес, Т.Есетов өзіне-өзі қол жұмсаған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында әскери прокуратура өкілдерінің басшылығымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны