25.01.2012, 13:49 3353

Алматыда өзінің сүйіктісін жеңгетайларға сатқан жігіт құрықталды

Алматыда алаяқ жігіт кәмелеттік жасқа толмаған өзінің сүйікті қызын 300 мың теңгеге жеңгетайларға сатқаны анықталды.

Алматы. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда өзінің сүйіктісін жеңгетайларға сатқан жігіт құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, Алматыда алаяқ жігіт кәмелеттік жасқа толмаған өзінің сүйікті қызын 300 мың теңгеге жеңгетайларға сатқаны анықталды.

"Қожайындары" 3 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға күштеп келген бойжеткен, өзінің кәмелеттік жасын қонақ үйде қарсы алуға мәжбүр болған. Аруды тұтқыннан Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері босатты. Бойжеткенді осы уақыт ішінде туыстары бірде-бір рет іздемеген. "Қожайыны" ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп келгендігі туралы полицияға шағымды жәбірленушінің өзі жазған.

ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Таңат Назановтың айтуынша, өздеріне келіп түскен ақпарат бойынша жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары айналасы бірер сағаттың ішінде қызды жеңгетайлардың тұтқынынан босатып алудың жоспарын жасаған. Нәтижесінде, Сейфуллин даңғылының бойындағы қонақ үйдің әкімшісі болып қызмет атқаратын 32 жастағы жеңгетай құрықталды. Оның қол астында жезөкшелікпен айналысатын басқа да сылқымдардың бар екендігі анықталады.

Тергеу амалдары барысында өзіне сөз салып, саябаққа шақырып өз сезімін білдіріп жүрген жігіттің айналысатын кәсібінен бойжеткеннің мүлдем бейхабар болғаны анықталды. Кезекті кездесуден кейін жігіті оны жалдамалы пәтерге алдап шақырған. Онда өзінің екі танысымен 3 күн бойы қорлық көрсетіп, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырғаннан кейін жеңгетай болып жүрген таныстарына 300 мың теңгеге сатып жібереді. Қазіргі таңда оны сыртынан сатып жіберген үшеудің де жеке бастары анықталып, темір тордың ар жағына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны