02.06.2008, 15:37 2992

Алматыда пара алған аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі ұсталды

Алматыда пара алған аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі ұсталды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі пара алған жерде ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"30 мамырда Алматыда ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық жауапқа тартпау үшін өзінің кабинетінде $500 мөлшерінде пара алған кезде АІІД тергеушісін қолға түсірді", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі хабарлағанындай, "28 мамырда Петропавловск қаласында ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері, көлікті жылдамдықтан асырып жүргізгендігіне қатысты әкімшілік материалды толтырмау үшін жол полициясының инспекторына 5 мың теңге мөлшерінде пара бергені үшін жеке кәсіпкерді құрықтады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны