01.02.2007, 16:35 3375

Алматыда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда перзентханадан жаңа туған қыз бала ұрланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жаңа босанған 19 жасар қыздың палатасына кірген бейтаныс әйел өзін медбике деп таныстырған. Ол нәрестені процедураға алып кеткен де, қайтып оралмаған",- деді баспасөз қызметінде.

Нәресте таңертең ерте ұрланған. Кешке Алмалы АІІО мен ІІД полицейлері күдіктіні ұстады. Күдікті операция бөілімінің 22 жасар санитары болып шықты. "Ұсталған бірінші жауап алуда-ақ нәрестені ұрлғандығын мойындады. Оның сөзіне сүйенсек, ол нәрестені өзінің баласыз туысқанына сыйламақ болған",- деп хабарлады баспасөз мәслихатынан.

Медбикенің туысынан жауап алу кезінде ол, туысынан тастанды нәресте тауып беруді өтінген, кейіннен заңды түрде асырап алмақ болған.

Қазіргі уақытта нәресте ата-анасына қайтарылды, оның денсаулығы мен өміріне төнген қауіп жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны