25.02.2013, 12:30 3245

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйел адамды қағып кетті

Алматы облысы ІІД тергеу басқармасының қызметкері Салтанат Изірбек түсіндіргендей, полицей қызметтік автокөлігімен Сүйінбай даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргінші өтетін жерге дейінгі 20 м қашықтықта Сидоркин көшесінен жолға әйел адам шығады. Е.Сейдалиев көлікті тоқтатуға тырысқанымен, дер кезінде үлгермеген.

Алматы. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Райымбек АПБ көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы майор Еркін Сейдалиев әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысы ІІД тергеу басқармасының қызметкері Салтанат Изірбек түсіндіргендей, полицей қызметтік автокөлігімен Сүйінбай даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргінші өтетін жерге дейінгі 20 м қашықтықта Сидоркин көшесінен жолға әйел адам шығады. Е.Сейдалиев көлікті тоқтатуға тырысқанымен, дер кезінде үлгермеген.

"Бас сүйегінің сынуы және көптеген жарақаттармен 1954 жылы туған Лилия Воронцова №4 ҚКА-ға жатқызылды. Ол қазір жан сақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Барлық емдеу шығындарын полицей өз мойнына алды", - деді С.Изірбек.

Полиция қызметкері кейіннен мәлімдегендей, оның жаяу жүргіншіні қағып кетуіне тежегіш майтүтіктің істен шығуы себеп болған. Тағайындалған сараптама жүргізушінің түсініктемесін тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны