24.07.2013, 13:04 18781

Алматыда полицейді атып кеткен

Бүгін Алматы қаласының Жетісу ауданында үйге түскен ұры полицейді атып жіберген, деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы. 24-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда полицейді атып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматы қаласының Жетісу ауданында үйге түскен ұры полицейді атып жіберген, деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

"Буран 92" автоэкипажының қызметкерлері шамамен таңертеңгі сағат 10-да үйге ұрлыққа түскені туралы шақыртумен келді. Полиция аға сержанты төңіректі сүзіп қарау кезінде үй ауласынан ұрлыққа түсті деп күдіктенген ер адамды көріп, оның соңынан жүрген. Күдікті шамамен жүз метр қашып барып, травматикалық тапаншасымен полицейді жарақаттаған.

Қазіргі уақытта полиция аға сержанты ауруханаға жатқызылды. Қылмыскерді ұстау жөнінде жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны