19.06.2007, 14:45 2939

Алматыда полицейлер бұрын сотталған азаматтан 18 кг астам гашиш тәркіледі

АЛМАТЫ. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда полицейлер бұрын сотталғаннан 18 кг астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел қызметкерлер Алматы облысының 40 жасар тұрғынын құрықтаған, оның сөмкесінен гашиш салынған дорба табылған. "Еркек есірткінің жартысын полиэтиленді дорбаларға орап үлгерген",- деп түсіндірді полицейлер.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталған азамат өзінің қылмысқа қатысы бар екендігін мойындамай отыр. "Оның айтуынша, сөмкені жұмыс беруші алып келіп, сақтай тұруға қалдырған, еркек оның ішінде не бар екендігінен бейхабар-мыс",- деп атап өтті полицейлер. Олар "осыған байланысты басқаша пікірде" екендіктерін айтты. Полицейлердің айтуынша, бұрындары бұл азамат ұрлық істеп, заңсыз есірткі сақтағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылып, жазасын өтеген. "Бостандыққа шығысымен ол Алматыға келіп жеке үйге құрылысшы болып орналасқан",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтау және сату) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны