29.04.2008, 16:03 3063

Алматыда полиция қызметкерінің жасанды кәулігін пайдалану дерегі анықталды

Алматыда полиция қызметкерінің жасанды кәулігін пайдалану дерегі анықталды

Алматы. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда полиция қызметкерінің жасанды кәулігін пайдалану дерегі анықталды, деп хабарлайды агенттік Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жасанды құжаттың иесі жергілікті 22 жастағы тұрғын болып шықты. Оның "Мерседес" көлігін Уәлиханов және Бөгенбай Батыр көшелерінің қиылысында жол көлік полициясы басқармасының жасағы тоқтатты ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Ол жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды. Жүргізуші қарама қарсы жол бағыты қозғалысына шығып, апатты жағдайды туғызды. Көліктің техникалық құжаттары мен жүргізуші куәлігінің орнына ол полиция қызметкерінің куәлігін ұсынды. Жол полициясының қызметкерлері тым жас жігіттің полиция капитанының шені күмән тудырды ", - деп хабарлады Алматы ІІД кадрлік жұмыстар және тәрбие басқармасының жеке құрамы жөніндегі инспекциясының бастығы, полиция майоры Санжар Құрманғалиев.

Жас адам "пайдакүнемдік мақсатында ұзақ уақыт бойы жасанды құжатты пайдаланып келгенін мойындады". Оның сөздері бойынша, жасанды құжатты ол бір танысынан $500 сатып алған.

"Бұл биылғы жылы жасанды құжатты пайдаланудың бірінші дерегі. Тергеу бойынша бірінші кезекте жасанды құжаттарды дайындаудың амалдары мен қылмысқа қатысы бар адамдар анықталатын болады", - деді С. Құрманғалиев.

Оның сөздері бойынша, Медеу АІІД бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Изірге қолға түскен жас адамға жасанды құжат жасады деген айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны