17.10.2011, 11:20 3665

Алматыда "Рахат" базарында өрт шықты

Алматының Жетiсу ауданындағы "Рахат" базарында өткен жексенбiде халық тұтынатын тауарлар салынған 2-контейнердiң жоғары қабаттары өртке оранған. Өрттiң аумағы 20 шаршы метрді құраған.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда "Рахат" базарында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматының Жетiсу ауданындағы "Рахат" базарында өткен жексенбiде халық тұтынатын тауарлар салынған 2-контейнердiң жоғары қабаттары өртке оранған. Өрттiң аумағы 20 шаршы метрді құраған.

Белгілі болғандай, тілсіз жау 01.58-де шыққан. Өрт сағат 02.40-та оқшауланып, 04.16-да толық сөндірілді.

Өрттi сөндiруге жеке құрамның 49 қызметкері мен өрт сөндiру қызметінің 16 техникасы жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны