19.07.2016, 21:02 7472

Алматыда Сафар Шәкеевті іздестіруге ТЖД қызметкерлері де жұмылдырылды

Соӊғы мәліметтер бойынша іздестіру жұмыстарына жалпы 110 полиция қызметкері мен 60 волонтер жұмылдырылған. Енді міне, оларға төтеншеліктер де келіп қосылды.

Алматы. 19 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда қазақстандық белгілі композитор Еркеш Шәкеевтіӊ ұлы Сафар Шәкеевті іздестіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментініӊ қызметкерлері де жұмылдырылды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне Алматы қалалық Қоғамдық кеӊесініӊ мүшесі Бекнұр Қисықов хабарлады. Оныӊ өзі де іздеу шараларына белсене араласуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір, іздеу шарасына төтеншеліктер де келіп қосылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен волонтерлар да бізге көмектесіп жатыр", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұған дейін ол іздеу шарасы әл-Фараби даӊғылыныӊ жоғары жағында, Есентай өзені аумағында жүргізілгендігін айтқан болатын.

Соӊғы мәліметтер бойынша іздестіру жұмыстарына жалпы 110 полиция қызметкері мен 60 волонтер жұмылдырылған. Енді міне, оларға төтеншеліктер де келіп қосылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны