28.09.2009, 15:21 2729

Алматыда салынып жатқан метрода топырақ опырылды, ешкім зардап шеккен жоқ (толықтырылған)

Алматыда салынып жатқан метрода топырақ опырылды, ешкім зардап шеккен жоқ (толықтырылған)

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін сағат 12 шамасында салынып жатқан метрода топырақ опырылды, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК-ның Біртұтас кезекшілік-диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, топырақтың опырылу оқиғасы Абай және Мұқанов көшелерінің қиылысында болған, оқиға 45 метрлік тереңдікте болды. Опырылып түскен топырақтың көлемі 643 текше метрді құрады. Қазір бұл жерде бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептерін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны