30.09.2009, 09:37 2753

Алматыда салынып жатқан метроның туннелінде бір жұмысшы КамАЗ көлігінің астына түсіп қаза тапты

Алматыда салынып жатқан метроның туннелінде бір жұмысшы КамАЗ көлігінің астына түсіп қаза тапты

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда салынып жатқан метроның туннелінде бір жұмысшы КамАЗ көлігінің астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Төлебаев пен Төле би көшелерінің қиылысында бүгін түнде сағат 00.55-те салынып жатқан метроның туннелінде "40 метр тереңдікте метроның ішінде келе жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісі "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның 41 жастағы электрлік дәнекерлеушісін қағып кетті, ол оқиға орнында жаратқан салдарынан көз жұмды".

Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, "жұмысшы тайғанап кетіп, көліктің дөңгелегінің астына құлаған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны