23.08.2006, 11:03 3150

Алматыда шығыранның құлауы салдарынан электр жалғастыру желісі мен жылу құбыры бүлініп, үш тұрғын үй жарықсыз қалды

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда шығыранның құлауы салдарынан электр жалғастыру желісі мен жылу құбыры бүлініп, үш тұрғын үй жарықсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат кеше 21 сағат 24 минутта қаланың Медеу ауданында "Асыл Кент Құрылыс" ЖШС салып жатқан "Самал делюкс" атты құрылыс нысанында шыққан. "ТГ-80" маркалы шығыран екі қабатты тұрғын үйдің аумағына құлаған. Соның салдарынан электр жалғастыру желісі мен жылу құбыры бүлініп, Достық даңғылының бойындағы үш үй жарықсыз қалды.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқыс оқиға орнында апаттық қызметтер жұмыс істеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны