29.01.2013, 13:22 4198

Алматыда Шығыс айналма жолында ондаған көлік соқтығысты

"Қазір оқиға орнында ЖПБ қызметкерлерінің жедел тобы жұмыс жасауда, эвакуаторлар жұмылдырылды. Нақты қанша көліктің соқтығысқанын анықтап жатырмыз. Жол апатының орын алуына кім кінәлі екені әзірше белгісіз", - деді Алматы ІІД ЖПБ баспасөз хатшысы Ақбота Изірбек.

Алматы. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда Шығыс айналма жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, ондаған автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына көктайғақ себепші болған.

"Қазір оқиға орнында ЖПБ қызметкерлерінің жедел тобы жұмыс жасауда, эвакуаторлар жұмылдырылды. Нақты қанша көліктің соқтығысқанын анықтап жатырмыз. Жол апатының орын алуына кім кінәлі екені әзірше белгісіз", - деді Алматы ІІД ЖПБ баспасөз хатшысы Ақбота Изірбек.

Еске сала кетсек, күні бұрын Алматыда жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендеген болатын. Соның салдары жолдардағы көктайғаққа алып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны