13.06.2007, 09:53 1220

Алматыда темір жолдағы апат салдарынан жүк тиелген үш вагон жолдан шығып кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда темір жолдағы апат салдарынан жүк тиелген үш вагон жолдан шығып кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12-маусымда 17 сағат 45 минутта Жетісу ауданында Рысқұлов пен Ратушный көшелерінің қиылысында №337/1 жол тұйықталымында №251а темір жол бағыттағышы белгісіз себеппен қозғалып кеткен. Соның салдарынан жүк тиелген үш жартылай вагон шойын жолдан шығып, "Стройинструмент "Бош" ЖШС-нің ауласын зақымдап, 1-ші Жылу электр орталығының жылу трассасын қисайтып жіберген.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жылу құбыры бүлінген жоқ. Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын "Қазақстан темір жолы" АҚ Алматы бөлімшесінің күш-құралдары жүзеге асырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны