24.05.2010, 10:29 1650

Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрттен 300 адам эвакуацияланды

Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрттен 300 адам эвакуацияланды

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Алматының Медеу ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрттен 300 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 03.17-де Достық даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бірінші және екінші қабатында "Ресей" әмбебап дүкені орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде 2,5 мың шаршы метр аумақта өрт шықты. 300 адам сыртқа шығарылды.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрттен ешкім құрбан болған және зардап шеккен жоқ.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 28 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 156 адамының күшімен 05 сағат 21 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны